Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Александр Заруцкий Анарбеков пен Қалмырзаға қатысты пікір білдірді

22.01.2026, 21:04

Ол неліктен "Ақоөбені" таңдағанын айтты.

Александр Заруцкий Анарбеков пен Қалмырзаға қатысты пікір білдірді
ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Ақтөбе» клубының қақпашысы Александр Заруцкий жаңа командадағы алғашқы әсері туралы айтып, бұрынғы командаластарына қатысты ойын ортаға салды.

«Барымды салып ойнап, жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, командаға пайда тигізе алсам, мен де осы клубтың «өз адамына» айнала аламын, - деді Заруцкий клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Қақпашының айтуынша, жаңа командасы оны жылы қабылдаған.

«Командада көптеген жігіттермен бұрыннан таныспын. Әртүрлі клубтарда да, құрамада да бірге ойнадық, кейбірімен өмірде де араласамыз, доспыз. Сондықтан бәрі өте жақсы қабылдады», - деп атап өтті ол.

Заруцкий «Ақтөбеге» ауысар алдында «Елімайдан» да нақты ұсыныс түскенін жасырмады. Алайда шешім қабылдар кезде жанкүйерлер факторына ерекше мән берген екен.

«Елімайдан» ұсыныс болды. Бірақ мен «Ақтөбені» таңдадым. Қазақстандағы ең үлкен фан-аймақтың ортасында ойнап көргім келді, сол атмосфераны сезінгім келді. Сол себепті таңдауым «Ақтөбеге» түсті», - деді қақпашы.

Сондай-ақ ол бұрынғы командаластары - Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмырзағақатысты ойын ортаға салды. Заруцкий бұл жағдайды кәсіби тәжірибе ретінде қабылдайтынын жеткізді.

«Жігіттер үшін қуаныштымын - Темірлан үшін де, Шерхан үшін де. Демек Жаратушы бір нәрседен сақтаған шығар. Дәл осы жолмен жинаған тәжірибемнің арқасында «Ақтөбенің» Чемпиондар лигасына жолдама алуына көмегім тиіп қалар», - деді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам