Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Наниді ҚПЛ-да көруіміз мүмкін»: Португалия басылымы мәлімдеме жасады

Бүгін, 09:55

Ол ақтөбелік ұжым сапын толықтыруы мүмкін. 

«Наниді ҚПЛ-да көруіміз мүмкін»: Португалия басылымы мәлімдеме жасады
© AP Photo / Frank Augstein

Португалияның танымал спорт басылымы A Bola өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында Португалия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Нанидің «Ақтөбеге» ауысуына қатысты мәлімдеме жасады.

Дереккөз мәліметінше, бір кездері «Манчестер Юнайтед», «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия» секілді алпауыт клубтардың намысын қорғаған тәжірибелі жартылай қорғаушы жақын арада Қазақстанға келіп, келіссөздердің соңғы кезеңін өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 2024 жылы Нани кәсіби футболшы ретінде мансабын аяқтағанын ресми түрде жариялаған болатын. Алайда тараптар арасындағы келісімде оның Қазақстан чемпионатында алаңға шығу мүмкіндігі қарастырылып отыр.

«Нани Қазақстанға аттануға дайындалып жатыр, бутсыларын да ала кеткен. Әзірге оның елдегі ең ірі клубтардың бірі «Ақтөбенің» ұсынысын қабылдайды деп нақты айту қиын. Дегенмен Наниді Қазақстан чемпионатында көріп қалуымыз әбден мүмкін», – деп жазады A Bola.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам