Ол Италия құрамасы сапында өнер көрсетеді.
Алматының «Қайрат» клубы 2026 жылғы маусым қарсаңында италиялық танымал шабуылшы Лоренцо Инсиньені қатарына қосуы мүмкін. Бұл туралы «Дикая пуля» телеграм-каналы хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, әзірге келіссөздер жүріп жатқан жоқ, бірақ клуб тарапынан қызығушылықтың бар. «Қайрат» Инсиньеге келісімшарт ұсынуға дайын, алайда келіссөздердің ары қарайғы тағдыры футболшының шешіміне тікелей байланысты болмақ.
Бұған дейін италиялық БАҚ Инсиньенің «Наполиге» қайта оралуы немесе «Лациоға» ауысуымүмкін екенін жазған еді. Алайда «Торонто» клубынан кеткен 34 жастағы шабуылшы әзірге жаңа команда тапқан жоқ
Еске салайық, Лоренцо Инсинье 2009-2022 жылдар аралығында «Наполи» сапында өнер көрсетіп, клубтың символына айналған ойыншылардың бірі болды. Италия құрамасы сапында 54 матч өткізіп, 2021 жылы Еуропа чемпионы атанды.