«Мықтылардан именбей ойнайтын ұжымды көргім келеді». Өзбекстанды әлем чемпионатына шығарған Кападзе ашық айтты

Telegram WhatsApp

Өзбекстан құрамасының мундиальға жай қатысушы ретінде емес, батыл әрі ұйымшыл команда ретінде баруы керек екенін атап өтті

Фото: t.me/FAUzbekistan
Фото: t.me/FAUzbekistan

Өзбекстан құрамасын тарихта тұңғыш рет әлем чемпионатына шығарған бас бапкер Тимур Кападзе 1bol.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ұлттық құраманың мундиальдағы басты мақсаты мен қандай футбол көрсетуі керектігі жайлы пікір білдірді.

Маманның айтуынша, әлем чемпионатына шығу – тек бір құраманың немесе бір бапкердің еңбегі емес, бұл көпжылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі.

– Мен үшін бұл – бір ғана циклдің немесе бір құраманың емес, тұтас жүйенің көпжылдық еңбегінің нәтижесі және баға жетпес тәжірибе жинауға зор мүмкіндік

деді Кападзе

Сонымен қатар ол Өзбекстан құрамасының мундиальға жай қатысушы ретінде емес, батыл әрі ұйымшыл команда ретінде баруы керек екенін атап өтті.

– Ең бастысы, команда әлем чемпионатына жай қатысушы ретінде емес, өзінің болмысын сақтай отырып барса екен деймін. Батыл, ұйымшыл, тәртіпті әрі мықтылардан именбей ойнайтын ұжымды көргім келеді. Мундиальға «біз онсыз да қолдан келгеннің бәрін жасадық» деген оймен ғана баруға болмайды

деді ол

Кападзенің пікірінше, кез келген команда әлем чемпионатына тек тәжірибе жинау үшін емес, өзінің бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеу үшін қатысуы қажет.

– Кез келген ұжым өзінің бәсекеге қабілетті екенін және әрі қарай да дамуға дайын екенін көрсету үшін қатысуы қажет деп ойлаймын

деп қорытындылады бапкер

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы биыл футбол тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алып, ел спортында үлкен жетістікке қол жеткізді.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 850 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 282 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 521 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 281 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 288 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 830 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 330 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 306 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 483
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›