Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға қайта оралу мәселесіне нүкте қойды

Telegram WhatsApp

Асхат Тағыберген Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 63 матч өткізген

ҚФФ
ҚФФ

Қазақстан құрамасының экс-капитаны әрі Қостанайдың «Тобыл» клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген ұлттық командаға қайта оралу мүмкіндігі туралы пікір білдірді. Спортшы ASnews YouTube-арнасына сұхбат берді.

Матчтан кейінгі сұхбатта футболшы команданың жеңісіне қуанышты екенін жасырмады. Оның айтуынша, «Ахмат» – осал қарсылас емес. Дегенмен, команда ойын барысында бапкердің барлық тапсырмасын орындап, соның нәтижесінде жеңіске қол жеткізген. Тағыберген оқу-жаттығу жиыны аяқталып, команда елге оралатынын да атап өтті.

Сондай-ақ кездесу барысында Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың болғаны туралы сұраққа жауап берген тәжірибелі ойыншы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын айтты. Оның сөзінше, бас бапкер өзін жастарға бағыт-бағдар бере алатын тәжірибелі футболшы ретінде қарастыруы мүмкін.

Ұлттық құрамаға қайта оралу ықтималдығына қатысты Тағыберген:

«Егер шұғыл қажеттілік туындап, арнайы шақырту болса, көмектесуге дайынмын. Алайда, шынымды айтсам, бұл дұрыс шешім болмас еді деп ойлаймын. Мені құрама сапынан лайықты түрде шығарып салды. Ел намысы үшін барымды салдым деген сезімдемін», – деді.

Айта кетейік, Асхат Тағыберген Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 63 матч өткізіп, 3 голдың авторы атанған.

Материалда:

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 404 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 276 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 509 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 579 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 279 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 169 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 282 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 824 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 328 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 481
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›