«Клубтан кеткенімді әлеуметтік желіден білдім»: «Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы келеңсіз жайтты есіне алды

Telegram WhatsApp

Ол клуб сапына оралмақ та болған. 

«Ақтөбе» ФК
«Ақтөбе» ФК

Аргентиналық жартылай қорғаушы, бүгінде ақтаулық «Каспийдің» намысын қорғап жүрген Леонель Струмия «Ақтөбеден» не себепті кеткенін түсіндірді.

Футболшының сөзінше, ол «Ақтөбеден» кету туралы ойламаған.

«Ақтөбе» жанкүйерлерінің неге ренжігенін түсінемін. Бірақ мен оларға ешқашан құрметсіздік танытқан емеспін. Оларға деген сезімім өзгерген жоқ. Клубтағы жылдарым мансабымдағы ең бақытты кезең деп айта аламын. Дегенмен көпшілік біле бермейтін жайттар бар.

Мысалы, өзімнің «Ақтөбе» ойыншысы емес екенімді әлеуметтік желідегі жазбадан бір-ақ білдім. Оның үстіне, соның алдында ғана біз ел Кубогын жеңіп алған едік. Футболда мұндай жағдайлар болып тұрады, бірақ бұл жайт маған ауыр тиді»

деді Струмия ASnews.kz сайтына берген сұхбатында

Аргентиналық ұжым сапына оралуға ниетті болғанын да жасырмады.

«Содан кейін де клубқа оралғым келген. Бірақ «Ақтөбеден» сол күйі қоңырау түскен жоқ. Сол кездегі бас бапкер маған сенім артпады.

Ал қазір өзге команданың жейдесін кию – мен үшін үлкен мәртебе. Жаңа клубым үшін бар күшімді саламын. Дегенмен «қызыл-ақтарға» деген ерекше сүйіспеншілігім ешқайда кеткен жоқ»

деп түйіндеді 33 жастағы футболшы

Айта кетейік, өткен маусымда Струмия Черногорияның «Будучность» клубында өнер көрсетті. Сондай-ақ Кипрдің АЕЛ командасында ойнап, 11 матчта бір гол соққан. Ал «Ақтөбе» сапында 2023-2024 жылдар аралығында доп тепті.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 404 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 276 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 509 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 579 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 279 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 169 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 282 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 824 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 328 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 481
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›