Бұл - оның 12-жүлдесі.
«Манчестер Сити» футбол клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола ақпан айының қорытындысы бойынша Англия Премьер-лигасының ең үздік бапкері атанды.
Ақпан айында «Манчестер Сити» испаниялық маманның жетекшілігімен бес матч өткізді. Команда «Тоттенхэм Хотспурмен» 2:2 есебімен тең түсіп, кейін «Ливерпульді» (2:1), «Фулхэмді» (3:0), «Ньюкасл Юнайтедті» (2:1) және «Лидс Юнайтедті» (1:0) жеңіп, клуб бес кездесуде 13 ұпай жинады.
Айдың үздік бапкері атағына Гвардиоладан бөлек Кит Эндрюс («Брентфорд»), Майкл Кэррик («Манчестер Юнайтед») және Арне Слот («Ливерпуль») үміткер болған еді.
Бұл марапат 55 жастағы маманның АПЛ-дағы бапкерлік мансабындағы 12-ші жүлдесі болып отыр. Гвардиола соңғы рет бұл атақты 2021 жылдың желтоқсанында иеленген. Осы көрсеткіш бойынша Гвардиола АПЛ тарихында үшінші орынға жайғасып отыр. Ал көш басында бұрынғы «Манчестер Юнайтедтің» экс- бапкері Алекс Фергюсон (27) және Арсен Венгер (15) тұр.
Айта кетейік, Хосеп Гвардиола «Манчестер Сити» клубын 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді. Осы уақыт аралығында ол командамен бірге 18 жүлде жеңіп алды. Оның ішінде алты рет Англия чемпионы атанса, УЕФА Чемпиондар лигасы турнирінде де жеңіске жетті. Бапкер клубпен 2027 жылға дейін келісімшартқа отырған.