Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Финалиссима матчы өтпейтін болды - БАҚ

14.03.2026, 23:50

Кездесу 27 наурызға жоспарланған еді.

Финалиссима матчы өтпейтін болды - БАҚ
arabi.today

Финалиссима-2026 аясында Аргентина мен Испания құрамалары арасындағы матч өтпейтін болды. Бұл туралы El Chiringuito басылымы хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, ойын 2026 жылғы 27 наурызда Қатар астанасы Дохадағы «Лусаил» стадионында өтуі тиіс болған. Алайда Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты матчты ұйымдастыру мүмкін емес. Сол себепті бұл кездесу «Реал Мадридке» тиесілі «Сантьяго Бернабеу» стадионына ауыстырылуы мүмкін екені айтылған. Алайда басылым матч мүлде өтпейді деп мәлімдеп отыр. Ал ресми шешім алдағы сағаттарда жарияланады деп күтілуде.

Бұған дейін Катар футбол қауымдастығы ел аумағында өтетін барлық футбол турнирлерінің матчтары белгісіз мерзімге шегерілгенін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, бұл кездесуде Аргентина ұлттық футбол құрамасы әлем чемпионы әрі Копа Америка жеңімпазы ретінде қатысуы керек болған. Ал олардың қарсыласы Еуропа чемпионатының жеңімпазы Испания ұлттық құрамасы еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам