Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ресейлік жас футболшы қызының көзінше анасын өлтірген - БАҚ

Бүгін, 17:16

Ол небәрі 20 жаста.

Ресейлік жас футболшы қызының көзінше анасын өлтірген - БАҚ
«Урал» ФК

Ресейдің Екатеринбург қаласындағы «Урал» футбол клубы жүйесінде өнер көрсететін Даниил Секачқа кісі өліміне қатысты айып тағылды. Бұл туралы SHOT телеграм-арнасы хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, 20 жастағы футболшы Мәскеуде тұратын 48 жастағы әйелді өлтірді деген күдікке ілінген. Алдын ала ақпарат бойынша, ол жәбірленушінің үйіне кішкентай қызын алдап кіріп, үйдегі сейфті ашқан. Осы сәтте үйге мектеп оқушысының анасы оралады. Болжам бойынша, күдікті әйелге шабуыл жасап, пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған.

Жас футболшының өзі де алаяқтардың арбауына түсіп, солардың нұсқауымен әрекет еткен болуы мүмкін деген болжам бар.

Айта кетейік, Даниил Секач бала кезінен «Локомотив» Мәскеу академиясында тәлім алған. Кейін «Ростов» жастар командасы сапында ойнаған. Ал бүгінде ол «Урал» клубының екінші құрамында өнер көрсетеді. Сондай-ақ футболшы «Строгино» футбол мектебі мен «Мастер-Сатурн» академиясының тәрбиеленушісі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам