Ол Күншығыс елінің белді футболшыларының бірі болған.
Жапония құрамасының бұрынғы футболшысы Кейсуке Хонда Иран ұлттық командасын қолдағаны үшін АҚШ-тағы жарнамалық келісімшартынан айырылғанын мәлімдеді.
Танымал футболшының айтуынша, ол Иран құрамасының әлем чемпионатына қатысқанын қалайтынын мәлімдеген соң америкалық компания онымен жоспарланған жарнамалық науқанды тоқтату туралы шешім қабылдаған.
«Иран құрамасын қолдайтыным туралы мәлімдемемнен кейін АҚШ-тағы бір компания әлем чемпионаты қарсаңында жарнамалық кампанияны тоқтатты. Бірақ мән-жайды түсінбей, осындай жаңсақ ойларға еріп шешім қабылдайтын адамдармен мен де жұмыс істегім келмейді», – деп жазды Хонда X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін БАҚ өкілдері Иранның биылғы мундиальға қатыспайтыны туралы жазған еді. Осыған орай жапон футболшысы:
«Бұл өте нәзік тақырып екенін түсінемін, бірақ өз басым Иран құрамасының әлем чемпионатына қатысқанын қалаймын», – деп пікір білдірген еді.
Айта кетейік, Кейсуке Хонда – Еуропадағы ең табысты жапон аяқдоп шеберлерінің бірі. Сонымен қатар ол Ресей Премьер-лигасында ойнаған алғашқы жапон футболшысы. ЦСКАсапында Кейсуке Ресей чемпионы атанып, ел кубогын екі рет жеңіп алған. Ал «Милан»құрамында Италия Суперкубогының иегері атанды.