Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Магомед Адиев «Ақтөбе» клубын жаттықтырады»: маманның өзі не дейді?

Бүгін, 19:25

Қазір ол «Крылья Советовті» жаттықтырып жүр.

Магомед Адиев «Ақтөбе» клубын жаттықтырады»: маманның өзі не дейді?
Қазақстан футбол федерациясы

Ресейлік маман Магомед Адиев «Ақтөбе» футбол клубының тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл туралы инсайдер Эльдар Аманбаев хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, 48 жастағы бапкер «қызыл-ақтар» клубының басшылығымен кездесіп, ынтымақтастықтың негізгі шарттарын келісіп үлгерген. Тіпті Адиевті шақыру үшін «Ақтөбе» тарапы «Крылья Советовке» өтемақы төлеуге дайын.

Өз кезегінде Магомед Адиев бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, әзірге қазіргі қызметіне толықтай назар аударып отырғанын жеткізді.

«Дәл қазір мен «Крылья Советов» клубының бас бапкерімін. Әртүрлі әңгіме айтылып жатыр, ұсыныстар да жоқ емес, бірақ қазіргі уақытта өз жұмысымды жалғастырып жатырмын», – деді маман ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.

Егер Адиев «Ақтөбе» клубына келсе, ол Николай Костовтың орнын басады. Дегенмен клуб басшылығы мамандарды қарастырып жатыр.

Магомед Адиев бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасын және Қарағандының «Шахтер» клубын табысты жаттықтырған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам