Olimpbet сарапшыларының Мексика мен ОАР құрамалары арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу матчы жөніндегі талдауы
Әлем чемпионаты. А тобы. Бірінші тур.
Мексика – ОАР. 12 маусым, 00:00 (Астана уақыты).
Футбол жанкүйерлерін тарихтағы ең ұзақ әлем чемпионаты күтіп тұр – турнир жалпы алғанда 39 күнге созылып, 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.
Ал жарыс алаң иелерінің бірі – Мексика құрамасы мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасының кездесуімен басталады.
Olimpbet сарапшылары бұл матчта алаң иелеріне айқын басымдық береді. Олардың пікірінше, солтүстік америкалықтардың екі доп айырмасымен жеңіске жету мүмкіндігі оңтүстікафрикалықтардың кем дегенде тең нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігінен жоғары.
Әлем чемпионаттарындағы көрсеткіштері
«Үштүстілерді» әлемдік додалардың тұрақты қатысушылары деуге болады. Мексика соңғы сегіз әлем чемпионатының ешқайсысын жіберіп алған жоқ және олардың жетеуінде плей-офф кезеңіне шықты.
Алайда әр жолы алғашқы-ақ плей-офф сатысында жарыс жолынан шығып қалып отырды. Ал Катарда өткен соңғы әлем чемпионатында «майялар» тіпті топтан да шыға алмады. Төрт жыл бұрын Мексика Польша құрамасымен бірдей ұпай жинағанымен, доп айырмасы бойынша екінші орынды қарсыласына беріп қойды.
ОАР құрамасы үшін 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихындағы төртінші мундиаль болмақ. Сонымен қатар «Бафана Бафана» құрамасы әлі күнге дейін бірде-бір рет плей-офф кезеңіне шыққан емес, ал бұған дейінгі үш әлем чемпионатына мүлде қатыса алмады. Бұл команданың соңғы қатысқан әлем біріншілігі өз елінде өткен 2010 жылғы мундиаль болды.
Қарсыласу тарихы
Қос құрама өзара төрт рет кездескен. Жалпы статистика мексикалықтардың пайдасына: екі жеңіс, бір тең ойын және бір жеңіліс. Дегенмен, кездесулердің жартысы жолдастық матчтар болды. Ал ресми ойындарда басымдық оңтүстікафрикалықтардың жағында – бір тең ойын және бір жеңіс.
Бір қызығы, ОАР құрамасы 2005 жылғы КОНКАКАФ Алтын кубогында Мексика жерінде «жасылдарды» 2:1 есебімен жеңген. Ал 2010 жылғы әлем чемпионатында командалар 1:1 есебімен тең тарқасты. Айта кетерлігі, бұл 16 жыл бұрынғы әлем чемпионатының ашылу матчы болатын.
Құрамалар
Мексика сапында беделді клубтарда өнер көрсететін танымал футболшылар аз емес. Олардың қатарында «Милан» шабуылшысы Сантьяго Хименес, «Фулхэм» ойыншысы Рауль Хименес және «Атлетико» клубының өкілі Обед Варгас бар.
Ал ОАР құрамасы Еуропаның үздік клубтарында ойнайтын футболшыларымен мақтана алмайды, ойыншыларының басым бөлігі жергілікті чемпионатта өнер көрсетеді. «Бафана Бафананың» басты жұлдызы ретінде бас бапкері Уго Бросты атауға болады.
74 жастағы бельгиялық маман әлем чемпионатының қандай деңгейдегі турнир екенін жақсы біледі. Ол Бельгия құрамасы сапында дәл Мексикада өткен 1986 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. Тіпті сол мундиальда «майяларға» қарсы да ойнаған.
Қорытынды
Olimpbet сарапшылары мексикалықтарды айқын фаворит санайды және олардың ОАР қақпасына кемінде екі гол соғатынына сенеді.
Сондай-ақ аңызға айналған «Ацтека» стадионында өтетін матчта бұрыштама соққылары бойынша да алаң иелеріне басымдық беріледі. Сарапшылар кездесуде тоғыздан көп бұрыштама болмайды деп күтеді.

Оңтүстік Корея – Чехия. 12 маусым, 07:00
А тобының басқа командалары Қазақстанда жұма таңы атқан кезде өзара қарым-қатынасты анықтай бастайды.
Olimpbet сарапшылары Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары арасындағы кездесуде фаворит көрмейді және екі команданың да оң нәтижеге жету мүмкіндігі шамалас деп есептейді.
Әлем чемпионаттарындағы көрсеткіштері
1986 жылғы әлем чемпионатынан бері «Азия жолбарыстары» бірде-бір әлемдік доданы жіберіп алған жоқ. Солтүстік Америкада өтетін турнир олар үшін қатарынан 11-ші әлем чемпионаты болмақ. «Тэджу жауынгерлерінің» ең үздік нәтижесі – 2002 жылғы өз жеріндегі мундиальда иеленген төртінші орын. Бұдан бөлек, корейлер тағы екі рет плей-офф кезеңіне шығып, екі жағдайда да 1/8 финалда тоқтады.
Ал Чехия құрамасы тәуелсіз команда ретінде тек бір рет – 2006 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған. Алайда шығыс еуропалықтар Германия алаңдарында айтарлықтай жетістікке жете алмай, топтық кезеңнен аса алмады.
Қарсыласу тарихы
Құрамалар өзара тек бір рет кездескен және ол жолдастық матч болған. Еуро-2016 турниріне дайындық барысында чехтар өз алаңында «Азия жолбарыстарын» қабылдап, 1:2 есебімен жеңіліп қалған. Сол кездегі Оңтүстік Корея құрамасының негізгі құрамында Сон Хын Мин ойнаған және ол 2026 жылғы әлем чемпионатына да қатысады.
Құрамалар
Сон Хын Миннен бөлек, «Тэджу жауынгерлері» сапында ПСЖ ойыншысы Ли Кан Ин, «Фейеноорд» жартылай қорғаушысы Хван Ин Бом және мюнхендік «Баварияның» қорғаушысы Ким Мин Джэ секілді жұлдыздар бар.
Чехия құрамасында әлемдік деңгейдегі ойыншы ретінде тек бір футболшыны атауға болады – бұл леверкузендік «Байердің» шабуылшысы Патрик Шик.
Қорытынды
Olimpbet сарапшылары бұл матчта жоғары нәтижелілік болады деп аса сенбейді және ойынның голы аз өтетінін болжайды. Ал сары қағаздар саны төртеуден кем болмайды деп күтеді. Бұл көрсеткіш бойынша аздаған басымдық Чехия құрамасына беріледі.