Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

23.10.2023, 15:54

Бұған дейін қазақстандық пара атлеттер екі қол, бір күміс медаль иеленген болатын

Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті
Фото ашық дереккөзден

Қытайдың Ханчжоу қаласында басталған жазғы Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Пауерлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Давид Дегтярев өзіне берілген барлық мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Қазақстандық атлет 187 келі зілтемірді бағындырды. Ал, екінші орын қытайлық Янь Цзинланға бұйырса, үздік үштікті Вьетнамнан келген Ан Нгуен Бинь қорытындылады.

Айта кету керек, Дегтярев 2020 жылғы Токмо паралимпиадасының чемпионы.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам