Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қызылжар» аз құраммен «Жетісудан» жеңісті жұлып алды

Бүгін, 20:20

Есеп 2:1

«Қызылжар» аз құраммен «Жетісудан» жеңісті жұлып алды
instagram.com/fcqyzyljar

Қазақстан Премьер-лигасының 19-турында петропавлдық «Қызылжар» сырт алаңда талдықорғандық «Жетісуды» 2:1 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпай еншіледі.

Алғашқы таймда қос команда бір-бірінің қақпасына қауіпті сәттерді аз ұйымдастырып, үзіліске голсыз тең есеппен кетті.

Екінші тайм бастала салысымен Александр Нойок алыстан дәл соққы жасап, қонақтарды алға шығарды. Алайда көп ұзамай «Қызылжар» сапындағы Александр Соколенко қызыл қағаз алып, командасын алаңда он ойыншымен қалдырды.

Сан басымдығын тиімді пайдаланған «Жетісу» шабуылын үдетіп, Нұрбол Әнуарбековтың голының арқасында есепті теңестірді. Соған қарамастан, аз құрамда қалған петропавлдықтар жеңісті қолдан шығармады. Кездесудің шешуші сәтінде Стефан Баокен мергендігімен көзге түсіп, «Қызылжарға» жеңіс сыйлады.

Осылайша, «Қызылжар» сырт алаңнан аса маңызды үш ұпаймен оралып, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты. Қазір петропавлдық ұжымның еншісінде 18 ұпай болса, «Жетісу» 19 ұпаймен қалып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам