«Ордабасыны» қолдау үшін Шымкенттен 12 автобуспен фанаттар жолға шыққан
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 19-турының орталық матчы Алматының Орталық стадионында өтеді. Бұл күні чемпионат көшбасшылары – Алматының «Қайраты» мен Шымкенттің «Ордабасы» клубы өзара кездеседі.
«Қайрат» футбол клубының ресми сайтында аталған ойынға билеттердің түгел сатылып кеткені хабарланды. Матч 26 шілдеде кешкі сағат 19:00-де басталады.
Айта кету керек, қазіргі таңда «Ордабасы» 43 ұпаймен турнирлік кестенің бірінші сатысында тұр. 42 ұпай жианаған «Қайрат» оны өкшелеп келеді. Десе де, шымкенттік клубтың бір ойыны артық.
Еске салайық, бұған дейін белгілі актер, MMA файтері Еркебұлан Тоқтар өзінің Instagram-парақшасында «Ордабасы» клубын қолдап видео жариялаған болатын.
Сондай-ақ, «Ордабасыны» қолдау үшін Шымкенттен 12 автобуспен фанаттар жолға шыққаны туралы да ақпарат тарады.