Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Зайнутдиновтың жарақаты асқынып кетті: «Динамо» дәрігері алаңдатарлық мәлімдеме жасады

26.07.2026, 13:00

Қазақстандық футболшының алаңға қашан оралатыны белгісіз

Зайнутдиновтың жарақаты асқынып кетті: «Динамо» дәрігері алаңдатарлық мәлімдеме жасады
instagram.com/kazfootballkz

Мәскеудің «Динамо» клубының дәрігері Михаил Бутовский Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді.

Sovsport.ru мәліметінше, клубтың медициналық штабы әзірге қазақстандық футболшының алаңға қашан оралатынын нақты айта алмай отыр.

«Зайнутдинов “Балтикаға” қарсы матчтың өтініміне енді, бірақ алаңға шыққан жоқ. Өтінімге енген барлық футболшы бірден ойнауға дайын болады деген сөз емес. Сол кезде оның толық қалпына келеді деп үміттендік. Алайда мамыр айынан бері жағдайы жақсарған жоқ. Дегенмен, бақытымызға қарай, жаңа асқыну да болған жоқ. Футболда мұндай жағдайлар кездеседі. Біз оның жағдайын жақсы түсінеміз және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Өкінішке қарай, мамырдағы болжамымыз қазір онша жақсы емес, сондықтан нақты мерзімді айта алмаймын», – деді Бутовский.

Айта кетейік, Зайнутдинов соңғы рет өткен маусымның Ресей Премьер-лигасындағы 12-турда «Ахматқа» қарсы кездесуде алаңға шыққан.

28 жастағы қорғаушы 2025 жылдың шілде айында мәскеулік «Динамоға» ауысып, клубпен 2029 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойған. Өз мансабында Ресей мен Түркия кубоктарын жеңіп алып, Қазақстан чемпионы атанған. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 44 матч өткізіп, 15 гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам