Бір жылға жуық алаңға шықпаған Зайнутдиновқа қатысты ақпарат шықты

28 жастағы футболшы 2025 жылғы қазаннан бері алаңға шыққан жоқ

ФК “Динамо”
ФК “Динамо”

Мәскеудің «Динамо» клубының бас директоры Павел Пивоваров Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың жарақатынан айығу барысы туралы айтты.

28 жастағы футболшы 2025 жылғы қазаннан бері алаңға шыққан жоқ. Ол Ресей Премьер-лигасында «Ахматқа» қарсы өткен кездесуде санның әкелуші бұлшықетін жарақаттап алған еді.

Кейін Зайнутдиновқа ота жасау қажет болды. Қазақстандық футболшы жазда операциядан өтіп, қазір оңалту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«Оған жазда ота жасалды. Қазір футболшы қалпына келіп жатыр. Оны ұлттық құрамалардың матчтарына байланысты үзілістен кейін күтеміз», — деді Пивоваров.

Осылайша, Зайнутдинов алдағы халықаралық үзілістен кейін «Динамоның» жалпы жаттығуына қосылуы мүмкін. Дегенмен оның ресми матчқа қатысатын нақты күні әзірге жарияланған жоқ.

Бақтиер Зайнутдинов мәскеулік клубқа 2025 жылы ауысқан. Ол «Динамо» сапында сегіз матч өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам