49 трофей: Лионель Месси футбол тарихын қайта жазды

39 жастағы Месси 49-шы жүлдесін жеңіп алды

Getty Images
Getty Images

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси мансабындағы 49-шы командалық жүлдесін жеңіп алып, футбол тарихындағы әлемдік рекордын жаңартты.

Аргентиналық жұлдыз бұл жетістікке Кампеонес кубогының финалында қол жеткізді. «Интер Майами» Мексиканың «Крус Асуль» клубын 2:0 есебімен жеңіп, аталған турнирде алғаш рет топ жарды.

Месси кездесудің 24-минутында есеп ашып, америкалық клуб сапындағы 100-голын соқты. Ал 81-минутта оның нәтижелі пасынан кейін Каземиро матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Осылайша, 39 жастағы футболшы мансабындағы командалық жүлделер санын 49-ға жеткізді. Месси «Барселонамен» 35, «Пари Сен-Жерменмен» үш, «Интер Майамимен» бес және Аргентина құрамасымен алты титул жеңіп алған.

Кампеонес кубогында АҚШ-тың MLS және Мексиканың Liga MX лигаларында топ жарған командалар кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам