«ПСЖ» президенті Нассер Әл-Хелаифиге қатысты тергеу басталды

Ол қызметтік мүмкіндігін жеке мүддеге пайдалануы ықтимал деген күдікке ілінген

Tnani Badreddine / DeFodi Images via Getty Images
Tnani Badreddine / DeFodi Images via Getty Images

Париж прокуратурасы «Пари Сен-Жермен» клубының президенті Нассер Әл-Хелаифиге қатысты алдын ала тергеу бастады.

Foot Mercato мәліметінше, катарлық функционер Франция чемпионаты матчтарын көрсету құқығын бөлу кезінде қызметтік мүмкіндігін жеке мүддеге пайдалануы ықтимал деген күдікке ілінген.

Іс Anticor ұйымының ресми арызынан кейін қаржылық қылмыстар мен жемқорлыққа қарсы мамандандырылған бөлімге берілді. Ұйымның өтініші прокуратураға 3 наурызда түскен.

Тергеу 2024 жылдың жазында Франция кәсіпқой футбол лигасы матчтарының телетрансляция құқығын сатуына байланысты жүргізіліп жатыр. Сол кезде ойындарды көрсету құқығы DAZN платформасы мен beIN Sports телеарнасына берілген.

Келіссөздер кезінде Әл-Хелаифи «ПСЖ» президенті, beIN Media Group басшысы және Франция кәсіпқой футбол лигасы директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін қатар атқарған.

Anticor өкілдерінің пікірінше, бірнеше лауазымды қатар алып жүру мүдделер қақтығысына себеп болып, Әл-Хелаифиге beIN Media Group компаниясының мүддесін қорғауға мүмкіндік беруі ықтимал.

Әзірге іс алдын ала тергеу сатысында. Нассер Әл-Хелаифиге тағылған күдік сот арқылы дәлелденген жоқ. Тергеу нәтижесіне байланысты іс тоқтатылуы немесе сотта қарауға жіберілуі мүмкін.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам