Йонсен хет-трик жасап, «Ордабасыны» чемпиондыққа жақындатты

«Ордабасы» 61 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайтты

ҚПЛ
ҚПЛ

Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясында «Атырауды» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Түркістандағы «Түркістан Аренада» өткен кездесудің басты қаһарманы Бьорн Йонсен болды. Норвегиялық шабуылшы қарсылас қақпасына үш гол соғып, хет-трик жасады.

Йонсен матчтың 20-минутында есеп ашты. Екінші таймда тағы екі рет мергендік танытып, 54 және 90+2-минуттарда қорытынды есепті белгіледі.

Осы жеңістен кейін «Ордабасы» 61 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайтты. Шымкенттік клубтың екінші орында тұрған «Қайраттан» басымдығы төрт ұпайға жетті.

Ал «Атырау» 23 ұпаймен турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалды. Команда чемпионаттағы соңғы төрт ойынының үшеуінде жеңіліс тапты.

Бұған дейін осы турда «Қайрат» сырт алаңда «Астанадан» 0:1 есебімен ұтылып, чемпиондық жарыста маңызды ұпай жоғалтқан еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам