Қазақстан жастар құрамасы Англияда жаттығу өткізеді

Қазақстан U-21 құрамасы Англия, Ирландия және Молдоваға қарсы ойнайды

ҚФФ
ҚФФ

Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алдағы матчтарға дайындықты бастау үшін Англияға жетті.

Жастар құрамасы алғашқы жаттығуын Хай-Уиком қаласында өткізеді.

Қазақстандықтар іріктеу кезеңіндегі соңғы үш кездесуін сырт алаңда өткізеді. 25 қыркүйекте Вулверхэмптон қаласында Англия U-21 құрамасымен кездессе, 29 қыркүйекте Корк қаласында Ирландияға қарсы ойнайды.

Одан кейін Қазақстан U-21 құрамасы Молдоваға жол тартып, дайындық жұмыстарын сонда жалғастырады.

Жастар құрамасының Молдоваға қарсы кездесуі 6 қазанда Ниспорены қаласында өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам