Өзбекстан құрамасының жаттықтырушылар штабына Италиядан екі маман қосылды

Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының штабына жаңа мамандар шақырды

UFA
UFA

Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро бастаған жаттықтырушылар штабына жаңа мамандар қосылды. Командаға физиотерапевт Сильвано Котти мен спорттық нутрициолог Андреа Юлиано келді. Бұл туралы Өзбекстан футбол қауымдастығы хабарлады.

Сильвано Коттидің халықаралық деңгейде көпжылдық тәжірибесі бар. Ол әр жылдары Италия ұлттық құрамасында, сондай-ақ «Интер», «Милан», «Челси» және «Рома» клубтарында физиотерапевт қызметін атқарған. Сонымен қатар Қытай ұлттық құрамасында да жұмыс істеген.

Ал Андреа Юлиано – биолог-нутрициолог, спорттық тамақтану бойынша маман. Ол кәсіби мансабында Италияның «Удинезе» клубында және Швейцарияның 21 жасқа дейінгі ұлттық құрамасында еңбек еткен.

Жаңа мамандар Өзбекстан құрамасының дайындығына қатысып, футболшылардың физикалық жағдайын бақылау, қалпына келу үдерісін ұйымдастыру және спорттық тамақтану мәселелеріне жауап береді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам