Элма Авейру ағасын қолдап, Португалия жанкүйерлерінің көзқарасына көңілі толмайтынын айтты
Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду төңірегіндегі дау жалғасып жатыр. 41 жастағы футболшының әпкесі Элма Авейру ағасын қолдап, Португалия жанкүйерлерінің оған деген көзқарасына көңілі толмайтынын айтты.
«Көңілім құлазып тұр. Өкінішке қарай, португалиялықтар бұрын не істелгенін ұмытып, енді бәрі басқаша болуы керек деп ойлайды. Айтар сөзім жоқ. Ағамның осындай жағдайды бастан өткеріп жатқанын көру маған өте ауыр. Ол мұндай қарым-қатынасқа ең лайықсыз адамдардың бірі», – деді Элма Авейру.
Бұған дейін Криштиану Роналдудың анасы да Долореш Авейру ұлының ел футболына сіңірген еңбегі лайықты бағаланбай жүргенін айтқан.
Долореш Авейру ұлының ұлттық құрама төңірегіндегі соңғы жанжалға байланысты көңілі қалғанын жасырмады. Оның айтуынша, болған жағдай оған ауыр тиген.
«Мен үшін бұл өте ауыр. Бұл жағдай мені есеңгіретіп жіберді. Ұлым елден бас есік арқылы кетуі мүмкін еді, бірақ артқы есіктен кеткендей болды. Дегенмен, ештеңе етпейді, бәрін Құдайдың өзі реттейді. Біраз жылап алдым, эмоцияны сыртқа шығару да пайдалы. Енді осының бәрін еңсеруіміз керек», – деді ол.