Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Грекия Қазақстанды ұтатынына сенімі сонша, құрама бапкері Еуропа чемпионатына дайындалып жатыр

07.03.2024, 12:43

Матч 21 наурызға жоспарланған

Грекия Қазақстанды ұтатынына сенімі сонша, құрама бапкері Еуропа чемпионатына дайындалып жатыр
Getty Images

Футболдан Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойет Германияға аттанды. Ол аталған елден жаттығу жасайтын база іздеп жатыр деп хабарлайды Ertsports.gr.

Пойет өз командасының Еуропа чемпионатынына қатысатынына сенімді. Сондықтан, Германиядан ыңғайлы база іздеп жатыр. Құрлық біріншілігіне жолдама алған кезден бастап шәкірттерін сонда апарып жаттықтырмақшы.

Сондай-ақ, Грекия бас бапкері «Фортуна» клубында ойнап жүрген 22 жастағы вингер Христос Цолиспен кездесіп, келіссөз жүргізеді. Ыңғайы келсе 21 наурызда Қазақстанмен болатын ойынға шақырады. «Үлгермесе Еуропа чемпионатынына барады» деп Пойет сеніммен айтып отыр.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекия мен Қазақстан өзара мықтыны анықтайды. Жеңгені финалда Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен Еуро-2024 турниріне берілетін жалғыз жолдамаға таласады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам