«Қайрат» УЕФА Жастар лигасында қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

«Қайрат» U-19 Венгрияда жеңіске жетіп, келесі кезеңге жақындай түсті

ФК “Қайрат”
ФК “Қайрат”

Алматылық «Қайраттың» 19 жасқа дейінгі командасы УЕФА Жастар лигасының 2026/27 жылғы маусымында венгриялық МТК клубын сырт алаңда 3:1 есебімен жеңді.

Тимур Қасымов шәкірттері Будапешттегі «Нандор Хидегкути» стадионында өткен кездесудің алғашқы таймында есеп аша алмады. Үзілістен кейін алматылықтар қарқынын үдетіп, 52-минутта қорғаушы Данияр Ташпулатов есеп ашты.

72-минутта МТК қорғаушысы Батор Шебелледи қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Сан басымдығын пайдаланған «Қайрат» 79-минутта Абылай Төлеуханның голымен есеп айырмасын ұлғайтты.

87-минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Даниэль Варга бір гол соғып, интриганы қайта жандандырды. Алайда арада екі минут өткенде Раимбек Кеңесбеков алматылықтардың үшінші голын соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 3:1.

Қарымта кездесу 4 қарашада Алматыда өтеді. Қос ойын қорытындысы бойынша келесі кезеңге жолдама алған жағдайда, «Қайрат» чехиялық «Градец-Краловемен» кездесуі мүмкін.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам