Маман команданы 2023 жылғы 7 қарашада қабылдаған
«Елімай» футбол клубы бас бапкер Андрей Карповичпен өзара келісім бойынша қош айтысты.
Маман команданы 2023 жылғы 7 қарашада қабылдаған. Оның жетекшілігімен семейлік клуб 2024 жылы Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап, 2025 жылғы маусымды төртінші орынмен аяқтады. Осы нәтиже «Елімайға» УЕФА Конференция лигасына қатысуға мүмкіндік берді.
2026 жылы команда еурокубоктегі алғашқы кездесуін өткізіп, Ереванның «Алашкерт» клубымен ойнады.
Карповичпен бірге клубтан Фёдор Симиниди де кетеді. «Елімай» басшылығы мамандарға атқарған еңбегі мен команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Алдағы матчта бас бапкер міндетін клубтың жастар командасының жаттықтырушысы, семейлік футболдың түлегі Серікбек Каппаров атқарады.
«Елімай» маусымдағы соңғы ойынын 31 қазанда Көкшетаудың «Оқжетпес» командасына қарсы өткізеді. Кездесу Семейдегі «Спартак» стадионында сағат 15:00-де басталады.