Темірлан Анарбеков Қазақстан құрамасына шақырту алмады

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Молдоваға қарсы, Астана қаласында Словакияны қабылдайды

ҚФФ
ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип қараша айындағы матчтарға қатысатын футболшылардың соңғы тізімін жариялады. Құрамға 27 ойыншы енді.

Бұған дейін кеңейтілген тізімге енгізілген қақпашы Темірлан Анарбеков соңғы құрамға қосылмады. Оның тізімнен тыс қалу себебі әзірге ресми түрде түсіндірілген жоқ.

Ұлттық құраманың қақпашылар қатарына Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы») және Александр Заруцкий («Ақтөбе») шақырту алды.

Қазақстан құрамасы 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнаса, 16 қарашада Астана қаласында Словакияны қабылдайды. Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 5 қарашада Түркістанда басталады. «Қайрат» ойыншылары 5 қарашада өтетін «Аталантаға» қарсы Конференция лигасының матчынан кейін командаға қосылады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам