Криштиану Роналду хет-трик авторы атанып, мың гол межесіне жақындады

Роналду өзінің соғылған голдар санын бүгін 985-ке жеткізді

Getty images
Getty images

Саудия чемпионатының кезекті турында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Холуд» клубын қабылдап, 5:3 есебімен жеңіске жетті. Португалдық даңқты шабуылшы Криштиану Роналду болса қарсылас қақпасына үш гол соғып, хет-трик авторы атанды.

Бірінші таймда Роналду екі рет дәл соққысымен көзге түскен еді. Алайда, төреші екі голды да оффсайдтан соғылды деп, есепке алған жоқ. Есесіне оның командаластары Анжело мен Садио Мане бір-бірден қанжығасын майлап, бірінші тайм 2:2 есебімен аяқталды.

Ал екінші таймда Роналдуды ешкім тоқтата алған жоқ. 66, 72 және 81-минуттарда португалдық шабуылшы өзінің әлі де болса бабында екенін көрсетіп, қарсылас қақпасына үш бірдей гол соғып кетті. «Әл-Холуд» ойыншылары 94-минутта есепті қысқартып, матчтағы есепке нүкте қойды.

Айта кету керек, Роналду өзінің соғылған голдар санын бүгін 985-ке жеткізді. Ол өзіне мың гол соғу деген меже қойған. Тек сол межеге жеткеннен кейін ғана футболмен қоштасу мерзімін жариялайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам