Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«Реал» Чемпиондар лигасының ширек финалына 20 рет шыққан екінші клуб атанды

07.03.2024, 15:00

«Бавария» бұл тұрғыда көш басында

«Реал» Чемпиондар лигасының ширек финалына 20 рет шыққан екінші клуб атанды
David Ramos/Getty Images

6 наурызда футолдан Еуропа Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық тағы екі ойыны өтті. «Манчестер Сити» өз алаңында «Копенгагенді» 3:1 есебімен жеңсе, «Реал» мен «Лейпциг» Мадридте 1:1 есебімен тең тарқасты. Алғашқы матчта жеңіске жеткен «Реал» осылайша ширек финалға жолдама алып отыр.

Айта кету керек, корольдік клуб өз тарихында Чемпиондар лигасының ширек финалына 20-шы рет шығып отыр. Бұрын-соңды мұндай нәтиже тек «Баварияда» ғана болған. Мюнхендік команданың көрсеткіші – 22.

— «Бавария» (22);
— «Реал» (20);
— «Барселона» (18);
— «Манчестер Юнайтед» (14);
— «Челси» (12);
— «Ювентус» (12).

Келесі матчты «Реал» 10 наурызда Ла Лига аясында «Сельтаға» қарсы өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам