Жәнібек Әлімханұлы Канело мен Мбилли жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуді мақсат етіп отыр

Отандасымыз чемпиондық белбеулерді біріктіру үшін айқас өткізгісі келеді

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 2027 жылдың мамыр айында Сауль «Канело» Альварес пен Кристиан Мбилли арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуді жоспарлап отыр.

Бұрынғы әлем чемпионының айтуынша, ол қаңтар айында мексикалық боксшы өнер көрсететін суперорта салмақта әлем чемпионы атанып, кейін чемпиондық белбеулерді біріктіру үшін айқас өткізгісі келеді.

«Қаңтарда суперорта салмақта әлем чемпионы атанамын. Мамырда осы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесіп, чемпиондық белбеулерді біріктіргім келеді», – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Сауль Альварес пен Кристиан Мбилли арасындағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына арналған жекпе-жек 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді.

Ал Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк арасындағы кездесу 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтеді. Бұл қазақстандық боксшы үшін екінші орта салмақтағы алғашқы жекпе-жек болмақ.

Кездесудің билеттері сатылымға шыққан алғашқы минуттардан-ақ сатылған. Primetime Boxing промоутері Каспер Хольгерсеннің айтуынша, алғашқы 90 секундта 250 мың дат кронына билет сатылған. Ал алғашқы 15 минутта мыңнан астам жанкүйер аренадағы орындарын сатып алған. Жарты сағат ішінде билет сатылымынан түскен табыс 1 миллион кроннан асқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам