Мирослав Ромащенко «Тобылдың» бас бапкері қызметінде қалады
Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы бас бапкер Мирослав Ромащенкомен келісімшартты ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Маман 2026 жылдың сәуір айында команданы басқарған. Маусым қорытындысы бойынша клуб басшылығы онымен әріптестікті жалғастыру туралы шешім қабылдады.
«Тобыл» алдағы маусымда бәсекеге қабілетті құрам жасақтауды, ойын сапасын арттыруды және Қазақстан чемпионатында жоғары орындар үшін күресуді мақсат етіп отыр.
Айта кетейік, ҚПЛ-2026 аяқталуына бір тур қалғанда «Тобыл» 41 ұпаймен турнир кестесінде жетінші орында тұр. Қостанайлық клуб соңғы турдағы кездесуін 31 қазанда өткізеді.