Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Луис Суарес Мессимен көрші болу үшін 12 млн долларға үй сатып алды

07.03.2024, 16:01

Үйде 8 жатын бөлме бар

Луис Суарес Мессимен көрші болу үшін 12 млн долларға үй сатып алды
Getty Images

Америкалық «Интер Майами» клубының шабуылшысы Луис Суарес құны шамамен 12 млн доллар болатын зәулім үй сатып алды. Нысан Форт-Лодердейл деп жабық ауданда орналасқан деп жазады The Real Deal.

Үйде 8 жатын бөлме және 8 жуынатын бөлмесі бар. Ал, көршісі – даңқты футболшы Лионель Месси. Ол аталған үйін былтыр қыркүйекте 10,8 млн долларға сатып алған болатын.

Суарес «Интер Майами» сапына 2023 жылдың желтоқсанында қосылған еді. Ол АҚШ чемпионатында бүгінге дейін үш ойын өткізіп, екі гол соқты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам