«Манчестер Юнайтед» 73 жыл бұрынғы антирекордты қайталады

Англия Премьер-лигасының алғашқы он турында бір ақ рет жеңіске жеткен

Getty Images
Getty Images

«Манчестер Юнайтед» соңғы бірнеше онжылдықтағы ең қиын кезеңдерінің бірін бастан өткеріп жатыр.

Англия Премьер-лигасының алғашқы он турында небәрі бір рет жеңіске жеткен «Манчестер Юнайтед» турнирлік кестеде төменгі үштікке түсіп қалды. 

Манчестерлік клуб оныншы турда өз алаңында «Астон Вилланы» қабылдап, 4:4 есебімен тең түсті. Осылайша, команда он матчтан кейін небәрі сегіз ұпай жинап, 18-орынға сырғыды. 

Opta дерегінше, «Манчестер Юнайтед» Англияның жоғары дивизионында алдыңғы маусымды үздік үштікте аяқтап, келесі чемпионаттың алғашқы он турында бір-ақ рет жеңіске жеткен соңғы 73 жылдағы алғашқы клуб атанды. Мұндай жағдай соңғы рет 1953/54 жылғы маусымда тіркелген. Ол кезде осы көрсеткішке Лондонның «Арсеналы» тап болған.

Сонымен қатар 18-орын – «Манчестер Юнайтедтің» 1986 жылдың күзінен бергі ең төменгі турнирлік көрсеткіші.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам