Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Словакияны жеңе алмай, топтағы соңғы орынды иеленді

Небәрі 3 ұпай жинаған Қазақстан жарысты соңғы орынмен аяқтады

Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының кезекті маусымын тағы да сәтсіз аяқтады. С дивизионында өнер көрсеткен біздің команда соңғы матчта Словакиямен тең ойнап, топтағы соңғы орында иеленді.

Айта кетейік, 90 минуттан соң Джон ван’т Шкип шәкірттері 2:1 есебімен алда тұрған. Алайда, төреші қосқан қосымша минутта словактар есепті теңестіріп кетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде алты ойын өткізіп, оның үшеуінде тең ойнады және қалған үш матчта жеңілді.

Есеп 29-минутта ашылды: Ғалымжан Кенжебектің қапталдан берген пасына бірінші жеткен Ислам Чесноков қақпашыға еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Ал, 56-минутта Роберт Боженик Покатилов күзеткен қақпаға баспен гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Арада он минут өткенде Ян Вороговский Қазақстанды тағы да алға шығарған. Алайда, 90+5 минутта Адриан Капралик айып алаңының сыртынан шірене тартып, командасын жеңілістен құтқарды.

Осылайша, бұл топта 12 ұпай жинаған Словакия бірінші орын иеленіп, бір саты жоғары дивизионға көшті. Фарер аралдары 8 ұпаймен екінші орынға тұрақтап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Қазақстанды екі рет жеңген Молдова осы 6 ұпайымен үшінші орында қалса, небәрі 3 ұпай жинаған Қазақстан жарысты соңғы орынмен аяқтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам