Месси футболдан басқа қандай спорт түрлерін жақсы көретінін айтты

28.03.2024, 07:37

Ол 2023 жылдан бері АҚШ-та тұрады

Месси футболдан басқа қандай спорт түрлерін жақсы көретінін айтты
Getty Images

Футболдан Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси сүйікті спорт түрлері туралы айтты.

«Теннис, падел, баскетбол және америкалық футбол. Мен соңғы кезде америкалық футбол туралы көп біле бастадым, білген сайын қызығушылығым артуда», - деді Месси MBC каналындағы Big Time подкастында.

Айта кетейік, аргентиналық даңқты футболшы АҚШ-қа 2023 жылы көшіп келді. «Интер Майамимен» келісімшарты 2025 жылға дейін. Қазіргі таңда оның трансферлік құны 30 миллион долларға парапар.

Биылғы маусымда Месси бес ойын өткізіп, бес голдың авторы атанды және нәтижелі екі пас берді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов