Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Магомед Адиев Ресейге оралады – дереккөз

03.04.2024, 10:13

Бұған дейін оның «Ордабасыға» бапкер болатыны айтылған еді

Магомед Адиев Ресейге оралады – дереккөз
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресейге оралып, РПЛ клубтарының бірін жаттықтырады деп жазды «Серый CARDINAL» телеграм-каналы.

Атап айтқанда, Адиев өзі бұрын жұмыс істеген «Ахмат» клубының тізгінін ұстауы мүмкін.

«Бұл оның түбегейлі қабылдаған шешімі сияқты. Белгілі болғандай, былтыр «Ақтөбе» клубы да оны бас бапкер болуға шақырған. Алайда, Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсететін болғандықтан, Адиев бұл ұсыныстан бас тартты. Кейін, ақтөбелік команда Адиевті Дмитрий Парфеновтың орнына қарастырған деген де әңгіме тарады. Бірақ, Магомед Мусаевичтің мінезін, ұлтын біле тұра бұл әңгіменің шынайылығына сену қиын. Өйткені, Адиев пен Парфенов дос, ал шешен ұлтында достықтан аттап кетуге болмайды.

Ал, ол Қазақстан құрамасымен жұмыс істей ма, ол жағын уақыт көрсетеді. Бұл «Ахмат» басшылығына да байланысты, қазір РПЛ-де бәсекелестік өте жоғары болғандықтан, олар Адиевке екі жұмысты қатар атқаруға рұқсат бермеуі мүмкін. Алайда, бұл тек болжам ғана, нақты қандай шешім қабылдайтынын уақыт көрсетеді», - деп жазды дереккөз.

Айта кетейік, Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдан бері басқарып келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт