«Ордабасы» клубы былтырғы маусымда 5 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсаған

03.04.2024, 17:31

Одан бөлек, тағы 2,2 млрд теңгені қарыз жабуға жаратыпты

«Ордабасы» клубы былтырғы маусымда 5 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсаған
Ордабасы ФК

Футболдан Қазақстан чемпионы «Ордабасы» клубы былтырғы маусымда 4,9 млрд теңге жұмсаған. Бұл туралы Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының есебінде көрсетілген.

«Балалар футбол орталығына – 1,2 млрд теңге, футболдан Премьер-Лига ойындарына қатысу қызметіне – 1,2 млрд теңге, футболдан Лига конференция ойындарына қатысу қызметіне – 1,4 млрд теңге, футболдан спортшылардың жалақысы – 1,4 млрд теңге», - деп жазылған аталған құжатта.

Бұдан бөлек, жергілікті әкімдік «Ордабасының» қарызын жабу үшін бюджеттен тағы да 2 млрд 227 миллион 500 мың теңге бөлген.

Айта кетейік, «Ордабасы» былтыр өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Мұнан кейін қала әкімі клубтың қордаланған қарызын төлеп беруге уәде еткен.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов