Ол «Астана» мен «Елімай» кездесуінде ережені өрескел бұзған ойыншыны алаңда қалдырған
Маусым басында екі айға шеттетілген қазақстандық төреші Артем Кучин жұмысына оралады.
Естеріңізде болса, Қазақстан премьер-лигасының 3-турында оның басы дауға қалған еді. Себебі «Астана» мен «Елімай» арасындағы кездесу барысында қарағандылық төреші өрескел тәртіп бұзған Семей клубының қорғаушысы Дмитрий Яшинді алаңда қалдырып, бұл мамандардың да, жанкүйерлердің де наразылығын тудырды. Осы жайттан соң түрлі дереккөздерде төрешінің екі айға шеттетілгені туралы жазылған, алайда ол арада төрт тур өткенде «Қызылжар» мен «Тұран» арасындағы кездесуге тағайындалды.
Петропавлдағы матч 4 мамыр күні сағат 14:00-де басталады.
«Қызылжар» алты турдан кейін турнирлік кестеде 6-орынға, ал «Тұран» 11-сатыға жайғасқан.