Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Әлемде алғаш рет бақ-стадион салынып жатыр

03.05.2024, 13:35

Мұнда Еуро-2028 финалы өтеді

Әлемде алғаш рет бақ-стадион салынып жатыр
Фото ашық дереккөзден

2025 жылы Белград маңындағы Сурчин қалашығында алғашқы бақ-стадион пайда болады. Сербия ерекше стадионның құрылысын бастап та кетті. 

Ал нысанның жоспарын Испанияның Fenwick Iribarren Architects (FIA) сәулет студиясы жасаған. Естеріңізде болса, дәл осы ұжым Катардағы әлем біріншілігі қарсаңында үш стадион құрылысының концепциясымен айналысқан еді.

Ал қаражат Сербияның қаржы министрлігінен бөлінді. Оның құны 299 млн доллар болады деп болжануда. 

Стадионға 32 гектар жер қарастырылған, ол бір мезетте 52 мың адамды оп-оңай сыйдыра алады, сонымен қатар 4500 көлікке арналған тұрақ орны болады.

Стадионның қасбеті табиғилығымен ерекшеленеді. Арена төрт аспалы деңгейден тұрады және олардың әрқайсысында ландшафттық бақ орналастырылады. Экологиялық стадионға қала тұрғындары да, қонақтар да кіре алады. Аумақта жаяу жүргіншілер жолы, демалыс аймағы, дәмханалар мен мейрамханалар қарастырылған.

«Ілініп тұратын бақ келушілерге табиғат аясында 365 күн бойы ләззат алуға мүмкіндік сыйлайды», - делінген FIA мәліметінде.

Стадион төрт құбырлы ауа салқындатқыш технологиясына негізделген салқындату және жылыту жүйесімен де ерекшеленеді.

Соның арқасында салқындату процесінен соң пайда болатын жылу ыстық суды өндіруге жұмсалады.

Ұлттық стадион мәртебесін алатын арена Никола Тесла әуежайынан 4 шақырым жерде орналасқан. Ал ел президенті мұнда Еуро-2028 финалы өтетін мәлімдеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам