Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Нұралы Әліптің командасы ең шешуші ойындардың бірінде жеңіліп қалды

12.05.2024, 01:09

Соған қарамастан Семак шәкірттері көш бастап келеді

Нұралы Әліптің командасы ең шешуші ойындардың бірінде жеңіліп қалды
РИА Новости

Ресей Премьер-лигасының 28-турында питерлік «Зенит» Мәскеуде жергілікті ЦСКА-мен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Ойынның бірінші таймында қос команда да гол соға алған жоқ. Есесіне, екінші таймда төреші алаң иелері пайдасына пенальти белгілеп, 58-минутта ЦСКА шабуылшысы Сергей Чалов мүлт кеткен жоқ.

Семак шәкірттері осымен РПЛ-дегі соңғы төрт ойынның үшеуінде жеңіліп, бірінде тең ойнады. Соған қарамастан «Зенит» қазір әлі турнир кестесінің бірінші сатысында келеді. Егер мәскеулік «Динамо» бүгін «Балтиканы» жеңе алмаса питерліктер көшбасшылық позициясын сақтап қалады.

Айта кету керек, бүгінгі матчта «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп алаңға шыққан жоқ. Бұған дейін «Факелмен» болған ойында ол ереже бұзып, төреші белгілеген пенальтиден кейін «Зенит» қолда тұрған жеңісінен айрылып қалған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам