Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

«Ақтөбе» көш бастады, «Қайрат» 10 ойыншымен «Қайсарды» ұтты – ҚПЛ

12.05.2024, 23:35

«Елімай» негізгі құрамға Қазақстанның төрт ойыншысын қосып, кішігірім сенсация жасады

«Ақтөбе» көш бастады, «Қайрат» 10 ойыншымен «Қайсарды» ұтты – ҚПЛ
Ақтөбе ФК

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші тур ойындары өтті. Турдың орталық матчы ретінде Шымкенттегі жергілікті «Ордабасы» мен «Тобыл» арасында өткен ойынды айтуға болады.

Аталған матч 1:0 есебемен «Ордабасының» жеңісімен аяқталды. Жалғыз голдың авторы – украиналық форвард Артем Беседин. Ол қостанайлық клуб қақпасышы Стас Покатиловтың қателігін сәтті пайдаланды.

Александр Седнев шәкірттері осы жеңістен кейін 12 ұпай жинап, турнир кестесінің бесінші сатысына орналасты. Ал, биылғы чемпионатта алғаш рет жеңілген «Тобыл» болса дәл осыншама ұпаймен алтыншы орында тұр.

«Қайрат» та көптен күткен жеңісіне қол жеткізді. Сырт алаңда «Жеңіспен» ойнаған алматылықтар 2:0 есебімен ұтып, турнир кестесінің үшінші сатысына жайғасты. Жеңіс 11-орында. 

Айта кету керек, екінші таймның басында «Қайрат» сапынан Арсен Буранчив «қызыл қағаз» алып, алаңнан қуылған. Соған қарамастан 66-минутта Садыбеков, 90+4-минутта Шверев бір-бір голдан соғып, командасына жеңіс сыйлады.

«Ақтөбе» де сырт алаңда «Қызылжар» қақпасына жауапсыз екі гол соғып, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Гол авторлары: Байтана (61-минут) мен Севальос (67-минут). Дмитрий Парфенов шәкірттері қазір 14 ұпаймен көш бастап келеді.

Бүгін «Шахтерді» 2:1 есебімен жеңген «Елімайда» да 14 ұпай бар. Семейлік клуб қазір турнир кестесінің екінші сатысында.

Кілең легионерлермен ойнап үйреніп қалған «Елімай» бүгін негізгі құрамға Қазақстанның төрт ойыншысын қосып, турдың кішігірім сенсациясын жасады. Алғашқы голды да сол өз еліміздің ойыншысы соғып отыр. Матчтың 38-минутында Роман Мұртазаев дәл соққысымен көзге түскен. Ал, 88-минутта «Шахтер» ойыншысы Абылайхан Назымханов есепті теңестіргенімен, төреші қосқан қосымша уақытта (90+8) беларусь легионері Никита Корзун семейліктерге жеңіс сыйлады.

«Астана» болса күтпеген жерден ұпай жоғалтты. Өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» қабылдаған Григорий Бабаян шәкірттері 57-минутта есеп ашып, ойынның негізгі уақытында осы нәтижені ұстап тұрған. Алайда, төреші қосқан қосымша минуттарда «Қайсар» ойыншысы Валерий Громыко есепті теңестіріп кетті.

8 ойында 12 ұпай жинаған елордалық клуб қазір турнир кестесінің 7-сатысында келеді. «Қайсар» болса алты ұпаймен 11-орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам