Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Тони Кроос футболдағы мансабын аяқтайды

21.05.2024, 20:22

Оның биыл алтыншы мәрте Чемпиондар Лигасын ұтып алатын мүмкіндігі бар

Тони Кроос футболдағы мансабын аяқтайды
Getty Images

Футболдан Германия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реал» клубының жартылай қорғаушы Тони Кроос Еуропа чемпионатынан кейін спорттық мансабын аяқтатын болды.

Бұл туралы футболшы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеме жасады.

«2014 жылдың 17 шілдесінде мен «Реалға» ауысып, өз өмірімде өзгеріс жасадым. Бұл менің тағдырымдағы аса маңызды бастау болды. Арада 10 жыл өткенде бәрі аяқталғалы отыр. Мен бұл кездерді ешқашан ұмытпаймын. Бұл ретте барлығына алғыс айтып, ашық көңілмен сенім артқанына рахметім жеткізгім келеді. Әрқашан «Реал» мен ойнаған ең соңғы клуб болатынын айтып жүретінмін. Осында ойнағаным үшін бақыттымын әрі мақтанамын. Алға қойған мақсатым – өз мүмкіндігімнің биігіне шыққанда мансабымды аяқтау болатын», - деп жазды «Реалдың» жартылай қорғаушысы.

Тони Кроостың жетістіктері:

  • Әлем чемпионы
  • х5 Клубтық әлем чемпионы
  • х5 Чемпиондар Лигасы
  • х4 УЕФА суперкубогы
  • х4 Ла Лига
  • Король кубогы
  • х3 Испания суперкубогы
  • х3 Бундеслига
  • х3 Германия кубогы
  • Германия суперкубогы

Неміс футболшысы Тони Кроостың биыл алтыншы мәрте Чемпиондар Лигасын ұтып алатын мүмкіндігі бар. Онымен қоса өз жерінде өтетін Еуропа біріншілігіне қатысқалы отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам