Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«Манчестер Юнайтед» Англия кубогінің иегері атанды

25.05.2024, 21:18

Биыл былтырғы финал қайталанды

«Манчестер Юнайтед» Англия кубогінің иегері атанды
Global Look Press

Англия кубогінің финалында Манчестердің қос клубы кездесіп, фаворит саналған «ситиліктер» жеңіліп қалды.

Матчқа дейін «Манчестер ситидің» чемпион болатынына букмекерлердің ешбірі күмән келтірмеген. Десе де, тен Хаг шәкірттері АПЛ-дегі сәтсіздіктерін жанкүйерлер алдында жуып-шайғысы келсе керек, ойын бастала салысымен шабуылға ден қойды. Нәтижесінде бірінші таймда қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соқты. 30-минутта Гарначо көзге түссе, араға тоғыз минут салып Кобби Майну есепті еселеді.

Екінші тайм «Манчестер Ситидің» толықтай басымдығымен өтті. Бірақ, Гвардиола шәкірттері бірде қисық тепсе, енді бірде Онана сейв жасап жатты. Тек 87-минутта Фоденнің шығарған пасын ұтымды пайдаланған Жереми Доку есепті қысқарта алды. Дегенмен, теңестіруге уақыт жеткен жоқ.

Еске салайық, былтыр Англия кубогінің финалына дәл осы екі команда шығып, ол кезде «Манчестер Сити» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам