Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Биыл екі IRON MAN өтемін. Айқынға жолымды берсем де жеңілді – Дастан Оразбековпен сұхбат

01.06.2024, 21:54

Бүгінде Қазақстанда бұқаралық спорт жоғары қарқынмен дамып келеді. Бұған өнер адамдарының да қосып жатқан үлесі мол. Елімізге танымал әнші-актерлар спортпен шұғылданып, өз аудиториясына да салауатты өмір салтын насихаттап келеді.

Сондай өнер иесі – Дастан Оразбеков. «Орда» тобының әншісі бүгінде Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең белді тұлғалардың бірі.

Дастан бүгінде триатлонмен айналысып, IRON MAN дәрежесін алуды мақсат еткен. Ол осыған дейін екі рет жартылай IRON MAN қашықтығын (113 км) бағындырса, енді толықтай IRON MAN өтуді көздеп отыр.

Дастан Оразбеков мадридтік «Реал» клубының жанкүйері. Бүгінгі Чемпиондар лигасының финалында корольдік клубтың жеңіске жететініне еш күмәнданбайды. Ал, Қазақстанда «Қайрат» командасының ойындарына жиі барады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам