Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Қайсар» сенсация жасады, «Ордабасы» бірінші орынға шықты – ҚПЛ

01.06.2024, 23:14

2 маусымда тоғызыншы турдың қалған төрт ойыны өтеді

«Қайсар» сенсация жасады, «Ордабасы» бірінші орынға шықты – ҚПЛ
instagram.com/fc__ordabasy/

Қазақстан премьер лигасының тоғызыншы тур ойындары аясында «Тобыл» мен «Қайсар», «Ордабасы» мен «Жетісу» клубтары өзара кездесті.

Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында қызылордалық «Қайсарға» есе жіберіп, турдағы алғашқы сенсация тіркелді.

Ойынның алғашы таймы 0:0 есебімен тең аяқталды. Тек төреші ойын барысында «Қайсар» қорғаушысы Әділет Кеңесбек пен «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Евгений Шаховқа дөрекі ойын үшін сары қағаз берді.

Екінші тайм ә дегеннен тартысты басталды. Қонақтарды бірден ойын тізгінін қолға алып, 51-минутта алаң иелерінің қақпасынан саңылау тапты. «Қайсар» сапындағы белорустік легионер Валерий Громыко мергендігімен көзге түсті. Ал, 76-минутта Ислам Чесноков қарымда шабуылда есепті теңестірді. Кездесудің қосымша уақытында өзбекстандық легионер Шохназар Норбеков қақпаға дәл теуіп, «Қайсарға» жеңіс сыйлады.

Қазір «Қайсар» турнир кестесінде 8-ші орында тұрса, «Тобыл» бір саты жоғары жайғасқан.

Ал, «Ордабасы» мен «Жетісу» арасындағы ойын 3:1 есебімен аяқталды. Өткен жылғы ел чемпиондары 21 минутта гол соғып, бірден ойын басымдығын қолға алған. Алайда, арада бес минут өткенде жетісулік Данияр Үсенов қарымта гол соғып, ойын нәтижесін теңестірді. Дегенмен, 32-минутта украиналық легионер Евгений Макаренко, 35-минутта өзбекстандық Жасур Яхшибоев есеп басымдығын арттырды. Осыдан кейін қос командада гол соғуға асыққан жоқ. Алғашқы тайм нәтижесі екінші 45-минутта да солай сақталды. Төреші қосымша 4 минут қосқанымен, екі жақ та нәтижені өзгерте алмады.

9-тур ойындарынан кейін «Ордабасы» 16 ұпаймен көш бастап тұр. Ал талдықорғандық «Жетісу» 14 ұпаймен 5-орында келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам