Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Жігіттерге қояр сауалым көп»: Черчесов Қазақстанның масқара жеңілісіне баға берді

11.06.2024, 23:56

Қыркүйекке дейін ол қатемен жұмыс істеуге уәде берді

«Жігіттерге қояр сауалым көп»: Черчесов Қазақстанның масқара жеңілісіне баға берді
Azerisport.com

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының Әзірбайжанмен және Армениямен өткен жолдастық кездесулеріне баға берді.

Ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында футболшыларға қояр сауалы көп екенін айтты. 

Черчесов бұл матчтарда бапкерлік қызмет атқарған жоқ. Команданы Руслан Балтиев бастап шығарды. 

«Қазақстан құрамасының екі жолдастық кездесуін де көрдім. Ереванда команда ойынды сүреңсіз бастап, алғашқы минуттарда гол жіберіп алды. Ал бүгін бәрі басқаша болды, тіпті бірінші таймның орта тұсында есепте алда тұрды. Белгілі бір уақытта допқа Әзірбайжан иелік ете бастады. Әзірге допты неліктен қарсыластарға беріп қойғанын түсінбедім. 

Бұл жолдастық кездесу, екі команда да шабуылға қарағанда қорғаныста өте нашар ойнады. Матчтан соң киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, жігіттерге немен жұмыс істеу керектігін айттым. Себебі біз қыркүйектегі ойындарға дейін қателіктерді түзеуіміз керек.

Жолдастық кездесулер команданы бір тексеріп алу үшін қажет: бүгін резервтегі екі қақпашы және жас футболшылар алаңға шықты. Жігіттерге қояр сауалдарым бар, бірақ мұның бәрі жұмыс барысында шешілетін дүние», - деді бас бапкер.

Еске салайық, Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы жолдастық кездесу Венгрияда өтті. Матч бастала салысымен Қазақстан екі гол соғып, сенімді түрде алға шыққан. Алайда, бірінші тайм соңында Әзірбайжан есепті қысқартса, екінші таймда тағы екі гол соғып, керемет камбэк жасады. Осылайша, біздің ұлттық құрама соңғы екі матчта да жеңілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам