Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Абат Айымбетов Әзірбайжаннан жеңілгеніне қарамастан қуанышты екенін айтты

12.06.2024, 00:10

Ол ойынның бірінші таймында нәтижелі паспен көзге түскен болатын

Абат Айымбетов Әзірбайжаннан жеңілгеніне қарамастан қуанышты екенін айтты
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Әзірбайжанмен болған матчта голмен көзге түспесе де нәтижелі пас шығарды. Ойыннан кейін ол осы жеңіліске қатысты пікірімен бөлісті.

Абат әрине, жеңіліске өкініш білдірген. Дегенмен, өзінің аз да болса пайда тигізгеніне қуанышты.

«Өкінішті, себебі мүмкіндіктер болды. Ұлттық құрама сапында гол соғу әрбір ойыншының арманы, мейлі ресми ойын болсын, мейлі жолдастық кездесу болсын. Тырысып бақтым, бірақ гол кірмей қойды, сәттілік жетіспеді. Әйтеуір нәтижелі пас бергеніме қуаныштымын, дымсыз кетпейтініме қуандым, себебі шабуылшының әрекеті пайдалы болуы керек. Бірақ, жеңіліп қалғанымыз өкінішті», - деді Абат Айымбетов.

Абат өзінің басқа клубқа ауысуы мүмкін деген сыбысқа қатысты да пікірін білдіре кетті.

«Бұған қатысты ешқандай ақпарат айта алмаймын. Мұның бәрі тек сыбыс қой. Әзірге «Адана Демирспормен» келісімшартым бар», - деді ол.

Айта кетейік, Венгрияның Сомбатхее қаласында өткен матчта Руслан Балтиев бастап барған ұлттық құрама Әзірбайжаннан 2:3 есебімен жеңілді. Матч барысында Қазақстан 2:0 есебімен алда тұрған. Алайда, қарсылас команда қатарынан үш гол соғып, керемет камбэк жасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам