Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

30.06.2024, 11:32

Автогол соғу – футболшы үшін психологиялық қысым. Тіпті, спорттық карьерасында бірнеше рет өз қақпасын дәл көздеген ойыншылар бар. Біздің бүгін тақырыпқа ауыз салуымызға Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионаты себеп болып отыр. Өтйкені топтық кезеңнің өзінде жеті футболшы өз қақпасына автогол соғып алған.

Ендеше, бірінші гол арнасының бүгінгі шығарылымы футбол тарихындағы ең қызықты автоголдарға арналмақ.

Самет Акайдын (Түркия)

Әңгімеңізді осы Еуропа чемпионатындағы автоголдан бастағанды жөн көрдік. Топтық кезеңдегі Португалия мен Түркия арасындағы ойында түркиялық Самет Акайдынның абайсызда өз қақпасына гол кіргізіп алғаны желіде қызу талқыланды.  Өйткені Саметтің бұлай қателесуіне соншалықты қысым да болмаған еді. Португалиялық қорғаушы Жоау Канселу алдыға сырғыта салған добын 30 жастағы түрік футболшысы қақпашыға берем деп, оңбай қателесті. Орысша айтқанда, осы Еуропа чемпионатының нағыз «курьезный» автоголы болды.

Тони Попович («Кристал Пэлэс»)

Автоголдардың да әдемісі болда.ы Мысалы, Тонидікі сондайдың қатарына жатады.

Австралиялық футболшы Еуропада доп тебуге тек бір рет ғана мүмкіндік алған. 2001 жылы Жапония чемпионатынан Англияның «Кристал Пэлэс» клубына ауысады. Попович британдық клубта бес жыл ойнады. Оның осы команда сапындағы автоголы әлі күнге хайлайттарда көрсетіледі. «Портсмутпен» кездесуде қапталдан асырылған допты қайтарып жіберем деп, өз қақпасына «пяткамен» салған болатын. Мұндайды Тони тұрмақ, қарсыластың өзі күтпеген еді.

Дониелл Мален (Нидерланды)

Еуропа чемпионатының тарихындағы ең жылдам автогол да осы жолы соғылды. Топтық кезеңнің соңғы ойынында Нидерланды мен Австрия матчтында Дониелл Мален сол қапталдан асырылған допты өз қақпасына шірене теуіп кіргізіп алды. Бұл матчтың 6-минуты болатын.

Шетелдік ақпарат құралдары бұл Еуропа чемпионатының тарихындағы ең жылдам автогол деп отыр. Бұған дейінгі рекорд швейцариялық Денис Закарияға тиесілі еді. Ол Евро-2020 аясында Испаниямен ойында абайсызда өз қақпасына соғып алып еді.

Нильс Петерсен («Вердер»)

Германияның «Вердер» клубының шабуылшысы болған Нильс Петерсеннің мына автоголын 10 рет қарасаң да түсіну қиын. «Майнцпен» кездесуде 24-нөмірлі шабуылшы бұрыштамадан келген допты әдемі қабылдаймын деп өз қақпасына теуіп жібереді. Матч соңына дейін шабуылшы қарсылас қақпасынан саңылау тапқан жоқ. Ал оның «Вердер» клубы сол ойында 0:3 есебімен жеңілген еді.

Алиссон Кассиано (Бразилия)

Футбол тарихындағы ең қызықты автоголдардар негізінен әр елдің төменгі чемпионаттарында, аса қатты мән беріле бермейтін құрлық біріншіліктерінде соғылып жатады. Сондай автоголдың бірі жуырда Бразилия чемпионатының В сериясында соғылды.

В Серияның 12-тур аясындағы матчта «Спорт Ресифи» өз алаңында «Новоризонтиноны» қабылдады. Матч әдеттегідей басталып, допты ойынға қосқан қонақтар допты артқа шегініп барып шабуыл бастамақшы болғанда, қарсылас команданың ойыншылары қыспаққа алып, сасқанынан қорғаушы Алиссон Кассиано қақпашыға пасты дұрыс бермей, небәрі ойынның 16-секундында өз қақпасына абайсызда гол соғып алды. Абырой болғанда кездесу 2:1 есебімен «Новоризонтиноның» пайдасына аяқталды.

Марио Манжукич (Хорватия)

Сөз басында айтқандай, биылғы Еуро автогол соғудан рекорд орнатып жатқан болса, автогол соғу бойынша әлем чемпонатының рекорды 2018 жылығы Ресейдегі доп додасында тіркелді. Сол біріншілікте 12 футболшы өз қақпасына гол соғып алды. Бұған дейінгі рекорд небәрі алты автогол болатын. Сонымен қатар, сол жылғы әлем чемипионатының финалында тарихта алғаш рет финалдық матчта автогол соғылды. Рекорд авторы – хорватиялық даңқты шабуылшы Марио Манжукич болды. Ол Францияға қарсы өткен ойында өз ққапасына гол соғып, ойынның есебін ашқан еді. Матч соңында Хорватия 4:2 есебімен жеңіліп, әлем чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі.

Джеймс Милнер («Ливерпуль»)

Өз қақпасына абайсызда гол соғып алған футболшылардың бәрін бірдей кінәлай алмаймыз. Мысал ретінде Чемпиондар лигасының 2017/18 маусымының жартылай финалындағы «Ливерпуль» ойыншысы Джеймс Милнердің автоголын айтуға болады.

Сырт алаңда «Ромаға» қарсы өткен ойында римдіктердің шабуылшысы тепкен допты Деян Ловрен қайтармақ болғанда доп байқаусызда Джеймс Милнерге тиіп, рикошет арқылы доп қақпа төрінен табылды. Матчтан кейін Джеймс Twitter-де: «Кімде Чемпиондар лигасының логотипін бетінен қалай өшіруге болатыны туралы жақсы кеңестер бар?», деп өзінің автоголына әзілдеген болатын. Дегенмен матч «Ливерпуль» үшін сәтті аяқталып, команда қажетті нәтижені сақтап, финалға жолдама алған-ды.

Грекия құрамасының қорғаушылары

2014 жылығы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Грекия мен Румыния құрамалары кездескен матчта футболдағы ең қызықты автоголдың бірі соғылды. Бір көргенде автоголдың қалай соғылғанын байқамауыңыз мүмкін. Айып алаңының мағындағы қарбалас сәтте Греция құрамасының екі қорғаушысы допты қайтармақ болып бір-біріне кедергі жасап қалды. Нәтижесінде бірі тепкен доп екіншісінің аяғына тиіп, доп қақпа торынан табылды. Дегенмен, Грекия бірінші ойында соққан үш голының арқасында әлем чемпионатына жолдама алды.

Фил Джонс («Манчестер Юнайтед»)

Фил Джонс – «Манчестер Юнайтед» клубының ешқашан негізгі қорғаушысы болмаған. Десе де клубта 200-ден астам матч өткізіп, жанкүйерлердің есінде қырағы қорғаушылығының емес, соққан автоголының арқасында мәңгі қалады. Джонс «Манчестер Юнайтед» сапында небәрі 8 гол салса, соның төртеуін өз қақпасына соққан. Сонымен қатар, Фил әдемі автоголдарды қалай соғу керек екенін де жақсы біледі. Көз жеткізу үшін видоүзінділерді бір қарап шықсаңыз да болады.

Жоффрей Кондогбия («Интер»)

Қазір Францияның «Марсель» клубында ойнайтын жартылай қорғаушы Жоффрей Кондогбия бір кездері Италияның «Интер» клубында доп тепті. Сол кезде оның да жоқ жерден автогол соғып алғаны бар.

Бапкерлер пас беретін кезде адам таппасаң, қақпашыға сырғыта сал деп үйретеді. Мұндайды ойыншылар футбол секциясынан бастап естіп өседі. Қақпашы үнемі бос болады. Көп жағдайда қақпашыларға прессинг жасала бермейді. «Интерде» жүргенде Кондогбияда солай түсініп қалады. Бірақ «Челсимен» жолдастық кездесуде артқа берген пасы қате болып, қақпашыдан асып, қақпадан бір-ақ табылады.

Бұл да футбол тарихындағы есте қалатын автоголдардың бірі болды. Әйтеуір, абырой болғанда бұл жолдастық кездесу еді. Сонымен қатар «Интер» осы ойында 2:1 есебімен жеңіске жеткені бар.

Футбол тарихында автоголдар өте көп. Біз бүгін солардың бір парасын, ерекше есте қалатындарын айттық.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам