Дунайск-Стред қаласының «ДАК 1904» клубы қазақстандық командаға ресми шақырту жіберген
«Екібастұздың» 17 жастағы шабуылшысы Тамерлан Ағыманов жазғы трансферлік терезе кезінде еуропалық клубқа ауысуы мүмкін.
Серый CARDINAL телеграм-арнасының мәліметінше, Павлодар облысының тумасын Словакияға шақырған. Дунайск-Стред қаласының «ДАК 1904» клубы қазақстандық командаға ресми шақырту жіберген.
Бұдан бөлек Ағымановқа Австрияның екінші лигасының командасы қызығушылық танытып жатқаны туралы ақпарат бар. Бұл дегеніміз ойыншының Еуропада ойнау мүмкіндігін арттырады.
Ағыманов биылғы маусымда «Екібастұз» сапында 11 матч өткізіп, 4 гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Ол 18 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасына да шақыртылып тұрады. Transfermarkt порталы футболшыны 150 мың еуроға бағалайды.