Эфир қонақтары EURO-2024 плей-офф кезеңінде болуы мүмкін сенсациялар туралы сөз қозғады
«Бірінші болдың» подкастында ерекше қонақ! Бүгінде спортқа жанкүйерлік пен ұлттық өнерді бір арнаға тоғыстырған бір адам болса, ол – Бек Шмат. Қолына домбырасын алып, футбол клубтары, фанаттар мен жалпы осынау керемет ойынға қатысты жыр арнаған жас жігіт қазақ тілінің жанашыры да болып шықты.
Бектің домбырамен айтқан арнауларын TikTok желісінде жүздеген мың адам тамашалайды. Ол қазақтілді контентті өздігінше дамытып, футбол фанаттары арасында жаңа мәдениетті қалыптастырып отыр.
«Бірінші болдың» тұрақты спикерлері Олжас Байбосын мен Ермұхамед Мәулен және құрметті қонағымыз Бек Шмат бүгінгі шығарылымда футболдан Қазақстан құрамасындағы тіл мәселесін, Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңін талқыласа, эфир соңында Бек «Бірінші бол» көрермендеріне домбырамен арнауын оқыды.